Қашықтықтан оқыту форматында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды ұйымдастыру бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығын ескеріп, жүзеге асыруды көздедік.
Төртінші тоқсанда мұғалім бөлім бойынша жиынтық бағалауды 1 рет өткізеді (4-8 мамыр): Жиынтық бағалау өткізу барысында «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 бұйрығына сәйкес келесідей талаптарды басшылыққа алады:
«Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Дене шынықтыру», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау», «Қоғам және дін» пәндері бойынша жиынтық бағалауды өткізбейді. Жиынтық бағалау жұмысының нақты күнін көрсетеді.
Төртінші тоқсанда мұғалім тоқсан бойынша жиынтық бағалауды 1 рет тоқсанның соңында өткізеді (18-22 мамыр):
1-10 сыныптардағы жиынтық жұмыстардың саны
бөлім бойынша жиынтық бағалау – 1
тоқсан бойынша жиынтық бағалау – 1
11 сыныптағы бақылау жұмыстарның саны өзіндік жұмыс - 1
бақылау жұмысы – 1
Жоғарыда көрсетілген бойынша БЖБ 1 рет, ТЖБ 1 рет өтілуіне байланысты жалпы 4-тоқсанда өтілетін бөлімдерді қамтып, әр сыныпқа екі нұсқада ЖБ мен ТЖБ дайындалды. 1-нұсқасы қарапайым деңгейде, 2-нұсқасы күрделі деңгейде құрастырылған. Себебі, әр мұғалім өз мектебі мен сыныбындағы оқушы деңгейіне байланысты ала алады. Мұғалімдер назарыны порталға қалай тіркелу, өзіне жүктеу туралы нұсқаулық беріледі. Бұл дайындалған жұмыстар мұғалімдердің жүгін жеңілдетіп, өзі құрастырған жұмысқа қарағанда, баланың білімін сырттай бақылап, мұғалім өз-өзіне кері байланыс ала алады. Әр мұғалім өз оқушысын сыртқы бақылауға да дайындай алады.